по Шаныракскому делу, на казахском языке, 176 страниц
*
[* Содержание страницы 135 отсутствует в копии Арона Атабека. Приводится содержание страницы 135 из копии приговора стороны защиты:
…өздеріне қол жұмсайтындарын айтып, үйлерді бұзуға келген техниканы жақындатпаған.
2006 жылы сәуір айында сот орындаушылары заңды күшіне енген үйлерді бұзу жөніндегі 5 (бес) сот шешімдерін орындау кезінде, жауапкер Даубаева өзінің және немересінің үстіне жанар май құйып, от қоятынын айтып қорқытқан. Ал оның бұзылған үйі «Шаңырақ» тұрғындарының көмегімен қайта салынып, жауапкерлер және «Шаңырақ» ықшам аудан тұрғындары сот шешімдерін мойындамайтындарын, сот орындаушыларының заңды талаптары тән алмайтындарын білдірген.
Сот шешімдері сот орындаушыларының өз күштерімен орындалуы мүмкін еместігіне көзі жеткен Алматы қаласының сот әкімшісінің басшылығы, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 86 бабы 1 бөлімінің 14 тармағына сәйкес, яғни қажет болған жағдайдарда атқару құжаттарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерін немесе бөлімшелерін тартуға міндетті деген талабын басшылыққа ала отырып, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бастықтарына, Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментіне, Алматы қалалық өрт сөндіру басқармасына, мемлекеттік бақылау және төтенше жағдайды қадағалау мекемесінің бастығына сот шешімдерін мәжбүрлеп орындауға жәрдемдесуді сұраған.
Бұл жағдайда, жоғарыда аталған мекемелер және органдар қызметкерлерінің сот шешімдерін орындауға қатысуын заңсыз деп табуға болмайды.
Сотталушылардың қорғаушыларының – барша сотталушылар өз баспаналарын сот орындаушылары және полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен үшін полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, қажетті қорғану жағдайында әрекет жасаған, сондықтан олардың бұл әрекеттері қылмыс болып табылмауы керек деген уәждерін сот төмендегі негіздерге сәйкес дұрыс емес деп санайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 13 бабының 1 бөлігіне сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
Сондай ақ, ҚР ҚК-нің 32 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және де басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол]