Желтоқсанға – 18 жыл!

Үндеу

Барлық демократтық партияларға,
Барлық ұлттық-патриоттық қозғалыстарға,
Барлық азат жанды Қазақстан азаматтарына

ЖЕЛТОҚСАНҒА – 18 жыл!

1986 жылы, желтоқсан айында, совет империясында бұрын-сонды болмаған Оқиға туындады. Республика бірінші басшысын ауыстырған кезде (қазақ Қонаевтың орнына Кремль тарапынан «тағайындалған» Колбин келді) – оған жауап ретінде қазақ жастарының стихиялық түрдегі көтерілісі басталып кетті. Екі күн мен екі түн (17-18 желтоқсанында), Алматының Брежнев атындағы алаңында, қолында қаруы жоқ бейбіт шерушілер мен СССР-дің әр-түрлі республикаларынан әкелінген (сондағы орталық өкіметінің мақсаты – халықтар арасында өт жағу!) ең тандаулы, қаруланған әскери жасақтар арасындағы айқас толастамаған. Өкінішке орай, қазақ жастарының көтерілісі қанға батырылып тоқтатылды – бірақ, осы киелі, қасиетті қан топырағынан СССР кеңістігіндегі Демократияның алғашқы, балауса гүлдері бой көтерді: Тблиси, Баку, Вильнистегі белгілі оқиғалары және т.с.с.

Содан жаппай репрессиялар басталды. Жүзден аса адам ұзақ мерзімді жазаларға кесілген. Мыңдаған адамдар жұмыстан қуылды, оқудан шығарылды, қалған өмір бойы қоғам санатынан қуылғандардың («изгой общества») кебін киюге мәжбүр болды. Алаңда қаза тапқандардың санын санап шығу мүмкін емес: М. Шахановтың комиссиясының мәлімдемесі бойынша – бірнеше мың адам екен! Өміріне қауіпті жарақаттарын алған адам саны шексіз! Қайрат Рысқұлбеков абақтыда зұлымдықпен өлтірілген. 16-жасар Ләззәт Асанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлатып мерт болған Жылдар өте, 8 жылға кесілген Политех институтының ұстазы Аркен Уваков екі саяси бестселлер жазып, жинақтаған нақты деректеріне сүйене отырып, Назарбаев атты азаматты ҚР УК-ның 160-шы тармағы бойынша («қазақ халқына геноцид ұйымдастырғаны үшін!») сотқа тартты. Әрине, бұл іске Қазақстанда жол ашылмады – бірақ, Халықаралық Гааг трибуналында бұл іс әлі де бар!

89-шы жылы, желтоқсан айында, Қазақстандағы алғашқы ұлттық-патриоттық ұйымдар («Жерұйық» пен «Желтоқсан») күшімен және демократтық қоғамдардың («Невад-Семей», «Аралды құтқару коитеті»,»Желмая», «Республика студенттер ассоциациясы», «Кәусар бұлақ» және т.с.с.) қолдауымен Желтоқсанның 3- жылдығын атап өткізу (Ас беру ретінде) үшін халық қозғалысы басталды. Билік осы қозғалысты басынан-ақ жаншуға күш салды, кейбір мұрындық боп жүрген азаматтар үстіне қылмысты істерін де қозғап жіберді. Дегенмен, халық инициативасы жеңді! 1989 жылдың 13 желтоқсанында, Алматының медицина институтының залында, Желтоқсан құрбандарына раналған алғашқы(3 жылдан кейін!) митинг-жиналысы өткізілді! Бұдан кейін митингтер тасқыны бүкіл Қазақстан бойынша өтті! Желтоқсанның Шындығы бүкіл әлемге жария етілді!

Осы ұлт-азаттық қозғалысының толқынында Қазақстандағы алғашқы ұлттық-патриоттық партиялар құрыла бастады: «Алаш» («Жерұйық» негізінде), «Желтоқсан»(«Желтоқсан» негізінде), «Азат»(Либералды интелегенциясы қозғалысының негізінде). Осы партиялардың жанқиярлық әректтері арасында және жалпы халықаралық жағдайлар себебімен – Егеменді Қазақстан Республикасы дүниеге келді! Бұл қазақ халқымыздың Азаттық және Тәуелсіз Ұлттық Мемлекеттігі үшін 260-жылдық күрестің нәтижесі болды!

Біз, қазақ демократтар мен ұлтшыл- патриоттарының жаңа буыны ретінле, халық ереуілдерін баз-біреулер өз пайдасына қолдануына қарсымыз. Біз билік пен опозиция арасындағы өркениетті Диалогын қолдаймыз. Бірақ, әрбір адамның Қасиетті Хұқығы бар: ол-қан төгілген Алаңға келіп, шәйт болған боздақтардың рухына Тағзым ету!
ДВК партиясы мен «Қазақ Ұлты» қоғамы Қазақстаның барлық азат ойлы және азат жанды азаматтарын Жаңа алаңға шақырады: мұнда 17-ші желтоқсан күні, сағат 11-де, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша, құрбандар рухына бағышталған Ас (тризна) беріледі. Мұнда көптеген демократтық партиялар мен қоғамдар отынан гүл қою рәсімі өткізіледі, Құрбан оқытылады және құдай тамақ таратылады. Сөзсөйлеушілер де табылады – мұндай сәтте, әрине, үнсіз бүгіп кету мүмкін емес!

мекен-жайы : Алматы қаласы, Жаңа Алаңы, Тәуелсіздік монументі
17 — желтоқсан күні, сағат 11-де.

Үндеуге қол қойғандар:
ДВК партиясы атынан – А. Қожахметов
«Қазақ Ұлты» қоғамы атынан – А. Атабек