«Алаш» ұлт-азаттық партиясы; ПРЕСС-РЕЛИЗЫ
«Қазақ Мемлекеті» Қазақстан халық майданы;
«Жер және Баспана» комитеті;
«Жер-Ана» бірлестігі
және басқалар
«ШАҢЫРАҚ» ШАЙҚАЛМАЙДЫ, «ӘЙГЕРІМ» ӘБІРЖІМЕЙДІ !!!
(«Әйгерім» жеріндегі өткен Митингінің резолюциясы, 26 мамыр,2006жыл)
2006 жылдың 13 наурыз күні «Әйгерім» ықшам ауданында алғашқы 20 шақты үй бұзылды. Жоғардан бұйрық берген – Алматы әкімі И.Тасмағамбетов, орындаушылар — Әуезов аудан әкіматының қызметкерлері. Одан кейін «Шаңырақта», «Бақайда» және жұмысшылар жатақханаларында («Әйгүл», «Ровесники» және басқаларда) қырғындар басталды.
12 мамыр күні «Бақайда» үлкен соғыс болып, 7 кісі «Жедел жәрдем» машиналарымен ауруханаларға жеткізілді. Солардың ішінде, аяғы сынып, белгілі ақын мен саясаткер Арон Атабек те табылды. Осы оқиғаға байланысты 20-минуттық видеофильм Астанаға апарылып, Мәжіліс отырысында көрсетілді (С.Оразалиев, Ғ.Әбұлхатина, Л. Тұяқбаева).
Нәтижесінде 31 мамыр күніне әкім Тасмағамбетов пен министр Мұхамеджанов есеп беру үшін Мәжіліске шақырылды.
Осы мерзімнен екі күн бұрын Арон Атабек («Қазақ Мемлекеті» Халық Майдан Саяси Кеңесінің төрағасы, «Жер және Баспана» комитетінің төрағасы) пен Сәлім Оразалиев («Жер-Ана» бірлестігінің төрағасы) Астанаға жетіп, Парламент ішінде халық депутаттарымен кездесулер өткізді. Осы еңбектің арқасында 34 депутат қол қойған ресми қағаз дүниеге келді. Оның мазмұны – үй бұзу және тұрғындарын жатақханалардан шығару жұмыстары тоқтатылсын деген Алматы әкіматына бағышталған Өтініш.
Сөйтіп, қазақ Баспанасыздар Мәселесі әкімат төңірегіндегі «көз қысты, бармақ басты» шеңберінен шығып, жалпы Қазақстан және бүкіл Әлемнің деңгейіне көтерілді! Лондон мен Мәскеуде пикеттер ұйымдастырылды («Социалистическое сопротивление» жастар қозғалысы). «Азаттық» пен «Свобода» радиосы, көптеген тілде, осы мәселеге байланысты мәліметтер үнемі беріп тұр. Қазақстан бұқара ақпарат құралдары да тыс қалған емес. Айтайық, «Дода» бағдарламасындағы депутат Амалбек Тшанның сөздері көпшіліктің көңілінен шықты. «Шарайна» аналитикалық бағдарламасы да көптеген мәселелердің бет пердесін ашты, көптеген газеттер кең сараптама материалдар беруде.
8 мауысым күнгі «Время» газетіне берілген сұхбатында әкім И.Тасмағамбетов тағы да бүкіл халыққа қоқан-лоққысын көрсетіп, «заңсыз» үйлерді қалай болса да бульдозермен күрейтінін тағы да ашық айтты.
Оған қарымта жауап ретінде, депутат Серик Абдрахманов қазақ босқындарына анау 90-ші жылдары, аяусыз Совет заманның өзінде, Алматы горисполком тарапынан жер берілгендігі және оны қазіргі Әкімат үлкен және заңсыз «бизнеске» айналдырып жібергені жөнінде пікір айтты («Время», 15 мауысым)..
12 мауысым күні Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутаттары «Бақайға» келіп, жағдаймен танысқан.
Ертеңіне, 13 мауысым күні, «Бақайда» митинг өткізілді және аруақтарға бағыштап Ас берілді. Мұнда депутат Амалбек Тшан мен саясаткер Болат Әбиловтар және көптеген қоғамдық қозғалыстар өкілдері қатысты.
23 мауысым күні Жер ресурстар комитетінің басшысы Бахыт Оспанов «Жер кодексі»
бойынша әрбір Қазақстан азаматына 10 сотка жер берілуі тиіс және жергілікті әкіматтар тарапынан бұл заңды бұзушылық фактілер бар екенін мойындады («Хабар» телеарнасына берілген сұхбатында).
«Қазақ Мемлекеті » Халық Майданы мен «Жер-Ана» және «Жер және Баспана» ұйымдары (А.Атабек, С.Оразалиев, Ғ.Абұлхатина) о бастан халық алдында жүріп, көптеген еңбек ақтарып келе жатқаны баршаға мәлім. Осы еңбекті қазақ ұлт-азаттық күрес жолындағы шешуші кезеңі ретінде танып, қолдау көрсетіп жатқан саяси және қоғамдық ұйымдар аз емес (олардың тізімін төменде оқұға болады).
Осы үлкен Қоғамдық Серпілістің нәтижесінде Қазақстан Парламент Мәжілісі тарапынан «баспанасыздар мәселесін профильный комитет қарастырсын» және « сол үшін арнайы комиссия құрылсын» деген аса маңызды құжат қабылданды. Осы Комиссияға Мәжіліс жағынан Аяшев, Бояркин, Назарбаева, Тшан және Шаекин депутаттар тағайындалды.
Бұл – бәріміздің ортақ Жеңісіміз, ағайын! Осы бағытта жұмылып жұмыс істей білсек – әлі де талай Жеңістеріміз алдымыздан шығады!
Осыған арнап біз бүгін Митинг ұйымдастырып және, қазақтың көне дәстүрі бойынша, ата-баба аруақтарына бағыштап Ас беріп жатырмыз!
Әкім И.Тасмағамбетовтың, былтыр күзде «Әйгерімге» келгенде, айтқан сөзі бар еді (ол видеотаспаға да жазылған): «Шаңырақтың» шаңырағы шайқалмайды, «Әйгерім» әбіржімейді!».
Айтылған сөз – атылған оқ! Көрерміз, Әкім-мырзаның қаншалықты сөзге беріктігін!
Дегенмен, Әкім де екі аяғы салбырап аспаннан түскен жоқ – ол да Халықтың перзенті және Халықтың талабын орындауға тиісті! Ал, шын мәнінде тобыр емес – Халық болу біздің сізбен бірге, әрқайсымыздың парызымыз!
«ШАҢЫРАҚ» ШАЙҚАЛМАЙДЫ – «ӘЙГЕРІМ» ӘБІРЖІМЕЙДІ !!!
Бүгінгі таңда біз екі талап қоюдамыз:
1. Қазақстан бойынша үй бұзу және адамдарды жатақханадан шығаруға МОРАТОРИЙ жариялынсын;
2. Бір айдың ішінде арнайы Президенттік Жарлығымен «Шаңырақтардағы»(бұл барлық «самострой» деп аталған ықшамаудандардың атау) жерлері мен үйлері , және «Жатақханалардағы» (бұл да жалпы атау) тұрғындар бөлмелері «по факту проживания» ЗАҢДАСТЫРЫЛСЫН!
Қоғамдық және саяси ұйымдар атынан осы Құжатты қолдап қол қойғандар:
Кәрішал АСАН-АТА – «Қазақ Мемлекеті» Қазақстан халық майданының
Президенті;
Сапабек ӘСІПОВ – «Жер және қазақ тағдыры» қозғалысының төрағасы;
Хафиз МАҚҰЛБАЕВ- Қазақстан коммунистік партиясы Алматы облысының
1-ші хатшысы;
Арон АТАБЕК — «Алаш» партиясының төрағасы,
«Қазақ Мемлекеті» Қазақстан халық майдан Саяси Кеңесінің төрағасы,
«Жер және Баспана» комитетінің төрағасы;
Сәлім ОРАЗАЛИЕВ – «Жер-Ана» бірлестігінің төрағасы;
Сабыржан МАХМЕТОВ – «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;
Мырзағұл ӘБДІҚҰЛОВ – «Желтоқсан қөтерілісі» қозғалысының төрағасы;
Дос НҰРАХМЕТ – Қазақстан ұлт-патриоттар бүкілреспубликалық
қозғалысының төрағасы;
Дәурен САТЫБАЛДИЕВ – «Жаңғырық» қоғамының төрағасы;
Назбек АРҒАНЧАЕВ – Адам хұқықтар жөніндегі Алматы қалалық комитетінің
төрағасы; Қания ОСПАНОВА – «Азат» қозғалысы Алматы бөлімшесінің төрайымы;
Кенесары ҚАПТАҒАЕВ – «Халық дабылы» қозғалысы төрағасының орынбасары;
Азат КӨКЕН – «Азат» қозғалысы президиумның мүшесі;
Айнұр ҚҰРМАНОВ – «Ынтымақтастық» жұмыс қозғалысы президиумның мүшесі;
Дәнияр ЕНИКЕЕВ — «Социалистік Қарсылыс» қозғалысы президиумның
мүшесі;
Ғалия АБҰЛХАТИНА – «Алаш» партиясы төрағасының орынбасары,
«Жер жане Баспана» комитеті төрағасының орынбасары.
Алматы, «Әйгерім» ықшам ауданы, 26 маусым, 2006 жыл . Байланыс телефондары:
Арон Атабек – 8 333 316 03 32; Сәлім Оразалиев – 8 333 391 95 97.